Ссылки доступа

Қырғыз соты "Азия Ньюс" газетіне экс-вице-премьерге 50 мың сом төлеуді міндеттеді


Бішкек қалалық соты "Азия Ньюс" газетіне елдің бұрынғы вице-премьер-министрі Жениш Разаковқа 50 мың сом (670 доллар) төлеуді міндеттеді. Бұл жөнінде газет редакторы Асланбек Сартбаев хабарлады.

Ол сот шешімімен келіспейтінін, Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Жениш Разаков ар-намысын қорғау үшін "Азия Ньюс" газетін жалған ақпарат таратты деп сотқа беріп, 10 млн сом өтемақы талап еткен. Газет Разаковтың Тәжікстан арнайы қызметімен байланысы бар-мыс деген мақала жариялаған.

Осының алдында Бішкек қаласы Октябрь аудандық соты шенеуніктің талабын қанағаттандырып, газетке 1 миллион сом төлеуді міндеттеген болатын.

Бішкек қалалық соты биыл ақпан айында "Азия Ньюс" газетіне елдің ішкі істер министрі Кашкар Жунушалиевке 300 мың сом төлеуді міндеттеген. Министр газеттен 5 миллион сом өтемақы талап еткен.

XS
SM
MD
LG