Қырғыз-өзбек шекарасындағы "Дустлик" шекара бекетінде тұрған бір әйелдің айтуынша, ол Қырғызстанға жұмыспен барған, шекара жабылған соң елге қайта алмай қалған. 15 маусымда оның алты жастағы ұлы Өзбекстанда суға ағып кеткен.
– Анам хабарласып, ұлыммен қоштасуға келуімді сұрады. Туыстарым мені күтіп отыр. Бірақ шекарадағылар мені елге жібермей тұр. Маған көмектесіңіздер, – деп жылады келіншек.
17 маусымда "Дустлик" шекара бекетіне елге қайтқысы келген 50-ден астам өзбекстандық жиналды. Шекара бекетінің басшысы Субутай Исманалиевтің айтуынша, Қырғызстан жағы бұл адамдарды шекарадан өткізуге дайын, бірақ ол үшін Өзбекстанның рұқсаты керек.
– Өзбекстанда арнайы штаб құрылған. Өзбек жағы азаматтарды кезең-кезеңмен шекарадан өткізеді. Әуелі олар бұл адамдарды карантинде ұстау үшін орын қарастырады, содан кейін ғана шекарадан өткізуге рұқсат береді, – деді Исманалиев.