Ссылки доступа

Қырғызстанда 178 коммерциялық емес ұйым парламентті КЕҰ туралы заңға өзгертулерді қабылдамауға үндеді


Қырғызстанда 178 коммерциялық емес ұйым Жогорку Кенеш депутаттарын КЕҰ туралы заңға өзгерістерді қабылдамауға үндеді.

Үндеу мәтінін "Институт Медиа Полиси" ұйымы жариялады. Онда "заң жобасы қосымша шектеулер енгізуді қарастыратыны" айтылған. Ал парламенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті 15 маусымда заң жобасын жабық талқылаған. Оған қоғам өкілдері қатыспаған.

18 маусымда Жогорку Кенеш депутаттары "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңға өзгертулерді екінші оқылымда талқылады. Заң жобасы 2020 жылдың басында дайындалып, наурызда бірінші оқылымда қабылданған.

Заң жобасы авторларының айтуынша, депутаттар заңдағы үш бапты өзгертуді жоспарлап отыр. Мақсат - коммерциялық емес ұйымдар қаржы көзі туралы есеп беріп, қызметі жөнінде мәлімет тапсыруы тиіс.

Атап айтқанда, коммерциялық емес ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар қаржы қызметі туралы қосымша есеп өткізуі керек. Құжат формасын үкімет дайындайды. Есеп өткізбегендер жауапқа тартылады.

XS
SM
MD
LG