Ссылки доступа

Ресейден Тәжікстанға ақша аударымы бірінші тоқсанда 103 млн долларға азайған


Ресей орталық банкінің хабарлауынша, биыл бірінші тоқсанда Тәжікстанның еңбек мигранттары елге 359 млн доллар аударған. Өткен жылы үш айда тәжікстандықтар 103 млн доллар көп аударған еді.

Наурыз айының соңғы екі аптасында Ресейде демалыс жарияланып, еңбек мигранттары жұмыссыз отырды.

Сарапшылардың айтуынша, екі апта еңбек мигранттарының табысына осылай әсер етсе, екінші тоқсанда табыс бұдан да аз болады. Өйткені бұл айларда да олар жұмыссыз жүрді.

Ресейдегі еңбек мигранты Дильшод соңғы мәрте елге 10 мың рубльді (шамамен 150 доллар) ақпанның аяғында жолдаған. Дильшод Мәскеуде құрылыс компанясында істейді.

"Пандемияға байланысты фирма құрылысты үш айға тоқтатты. Біз де жұмыссыз, табыссыз қалдық. 1 маусымда жұмыс басталды, біз әлі бір тиын алмадық", - деді тәжік мигранты.

Өткен жылы Ресейдегі тәжік мигранттары Тәжікстанға 2 млрд 576 млн доллар жолдаған.

XS
SM
MD
LG