Хабарларға қарағанда, үкімет ғимаратында қатаң карантин орнады.
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 17 маусымда Қашқадария облысында болғаны анықталды. Үкімет басшысының жұмыс тобы сәрсенбі күні Шахрисабзға барып, мақам өнерінің халықаралық фестиваліне дайындық барысымен танысқан.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 маусымдағы жиналыста Ташкентте екі аптада 482 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлады. Мемлекет басшысы жағдай жақсармаса, қалалар мен облыстар тағы да жабылатынын ескертті.