Ссылки доступа

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай қызметтен кетті


Джейми Флай
Джейми Флай

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай қызметтен кеткенін жариялады. Флайдың хабарлауынша, қызметтен кету туралы өтінішін АҚШ-тың глобал медиа жөніндегі агенттігінің жаңа басшысы Майкл Пэк қабылдады.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосынан кетіп бара жатқаныма өкінемін. Бұл ұйымды бір жыл бойы басқаруды үлкен құрмет деп қабылдаймын" деп жазды Флай әріптестеріне арнаған хатында.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Пэк АҚШ-тың глобал медиа жөніндегі агенттігіне қарайтын басқа да медиа-ұйымдардың (Азат Азия радиосы, Таяу Шығыс бюросы және Куба бюросы) үш басшысын қызметтен алған. Бұған қоса, Пэк Ашық технологиялық қорының басшысын да қызметтен алды.

Пэк АҚШ-тың глобал медиа жөніндегі агенттігіне екі апта бұрын басшы болып келді. Содан бері ол Азат Еуропа/Азаттық радиосы, Азат Азия радиосы, Таяу Шығыс бюросы директорлар кеңесінің барлық мүшелерін ауыстырып, өзін төраға етіп тағайындады.

Пэк АҚШ-тың глобал медиа жөніндегі агенттік қызметкерлеріне жолдаған хатында тәуелсіз медиа-ұйым қалыптастыруды қолдайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG