Ссылки доступа

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысының жұмысы жақын күндері басталады


Қырғызстанның "Кыргыз темир жолу" ұлттық компаниясы жақын күндері Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы жобасы бойынша құрылысты бастайды. Осылай деп аталған компанияның директоры Василий Дашков мәлімдеді.

"Жобаға қатысатын барлық елдермен келіссөзге қол жеткіздік. Айтарлықтай кедергілер көріп тұрғамыз жоқ. Енді бірнеше сөйлесуден кейін құрылысты бастаймыз. Қаржыландыру жағына келетін болсақ, бізге Ресей мен Өзбекстан көмектесуге дайын. Біздің жоба 4,5 миллиард долларға бағаланып отыр", – деді Дашков.

Ол темір жол елдің оңтүстігі арқылы жүретінін, бұл көрші елдердің шекарасын айналып өтуге әрі транзит үшін ақша төлемеуге мүмкіндік береді деп атап өтті.

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолдары жобасы 2000 жылдың басында көтерілген. Бірақ содан бері жүзеге аспай келген. Жобаға сәйкес, Торугарт асуы арқылы өтетін жол Арпа жайлауы арқылы жүріп, әрі қарай Кара-Сууға дейін барып, одан Өзбекстан аймағына өтеді. Темір жолдың жалпы қашықтығы - 268 шақырым.

2017 жылы аталған жоба бойынша жұмыс тобы құрылған.

XS
SM
MD
LG