Ссылки доступа

Тәжікстанда демалыс орындары ашылды


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстанда екі айға созылған карантиннен соң демалыс орындары мен шипажайлар ашылды.

Карантин кезінде бұл мекемелерге шетелден оралған тұрғындарды уақытша орналастырған. Сол себепті халық демалыс орындары мен шипажайларға түсуден қорқып отыр.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус барын 30 сәуірде ғана мойындады. Шипажайлар мен демалыс орындары сол кезде жабылған.

"Бахористон", "Ходжа Оби Гарм" және "Шаамбары" шипажайлары адам қабылдай бастады.

Тәжікстан билігі 15 маусымда әмбебап базарларды, дүкендерді, қонақүйлерді, шипажайлар мен тұрмысқа қажетті кәсіпорындарды ашты. Елде 280 туристік нысан мен демалыс орны қонақ қабылдауға дайын.

2019 жылы Тәжікстанға 1,3 миллион шетелдік кірді, олардың миллионнан астамы республикаға турист ретінде келген.

XS
SM
MD
LG