Өзбекстанның білім министрлігі талапкерлерге көрші елдердің жоғары оқу орнына құжат тапсырардан бұрын, оның білім сапасына назар аударғанын қалайды.
Мемлекеттік инспекция мәліметі бойынша, Тәжікстан мен Қырғызстандағы 16 жоғары оқу орны өзбек еңбек нарығына сай емес деп танылған.
Бұл тізімге Қазақстандағы жоғары оқу орындар кірмеген, алайда мекеме қашықтан оқытатын мұндай университеттердің білім сапасына күмән келтірген.
Өзбекстанның білім сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы талапкерлерге беделді білім рейтингтерінде алдыңғы орындарда тұрғын білім мекемелерін таңдауға кеңес берген.