Ссылки доступа

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар көбейді


Қырғызстанда бір тәулікте 4534 зертханалық зерттеу жасалып, 132 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

COVID-19 диагнозымен ауруханаға түскен 28 науқас жазылып шыққан.

Қырғызстанда 2789 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 1961 адам жазылып шықса, 32 адам қайтыс болған.

Қырғызстанда бір тәулікте 24 медициналық қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Эпидемия басталғалы бері 533 медициналық қызметкердің вирус жұқтырғаны белгілі болса, олардың 381-і жазылып шыққан.

XS
SM
MD
LG