Ссылки доступа

БҰҰ: әлемде 80 миллион босқын бар


Лагерь беженцев в сирийском Идлибе
Лагерь беженцев в сирийском Идлибе

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасының хабарлауынша, өткен жылы әлемде босқындар күрт көбейік, 79,5 миллионға жеткен. Әлем халқының шамамен 1 пайызы - босқын.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди 18 маусымда Франс-пресс агенттігіне сұхбат беріп, өткен жылы әлемде босқындар қатарына тағы тоғыз миллион адам қосылғанын айтты. Олардың арасында сириялықтар, ауғандар, венесуэлалықтар, Оңтүстік Судан тұрғындары және рохинджа мұсылмандары көп. Осыдан он жыл бұрын әлемде бар болғаны 40 миллион босқын болған.

Грандидің айтуынша, коронавирус пандемиясы босқындардың көбеюін аздап тежеген, бірақ ол көпке созылмайды, өйткені "вирус әлемдегі соғыстар мен жанжалдарды тоқтата алмайды".

Жоғары комиссардың мәліметіне қарағанда, 45,7 млн босқын өз елінің аумағында жүрсе, 29,6 млн адам шетелде бас сауғалауға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG