Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейдегі азаматтарын 25 маусымнан елге қайтара бастайды


Тәжікстан Ресейдегі азаматтарын 25 маусымнан елге қайтара бастайды. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, “Тәжік Эйр” және “Сомон Эйр” компаниялары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Новосибирск және Екатеринбург қалаларына чартерлік рейс ұйымдастырады.

Министрлік чартерлік рейске әуелі науқастар, кішкентай баласы бар аналар, қарттар, студенттер отыратынын ескертті.

Тәжікстаның Мәскеудегі елшілігі мен Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск және Уфадағы бас консулдықтарта арнайы комиссия құрылды. Олар елге қайтатын азаматтардың тізімін дайындайды.

20 наурызда Тәжікстан халықаралық әуе байланысын үзді. Жүздеген тәжік азаматы Ресейдің, Түркияның, Қазақстанның, Үндістанның, Германияның әуежайларында тұрып қалды. Олардың кейбірі чартерлік рейстермен елге қайтты. Елге орала алмаған тәжікстандықтар үкіметті сынады.

XS
SM
MD
LG