Ссылки доступа

Мәскеуден Бішкекке 400 қырғыз азаматы оралды


21 маусымда чартерлік рейспен Мәскеуден Бішкекке 431 азамат оралды.

Қырғызстанның коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі республикалық штабының мәліметінше, аталған рейспен көбінде аяғы ауыр әйелдер мен екі жасқа дейінгі балалары бар аналар және денсаулығы нашарлап жатқан не туыстары қайтыс болған азаматтар қайтарылған.

Олардың бәрі келген бойда карантинге жатқызылған.

Республикалық штаб түрлі себептермен шетелде аялдап қалған азаматтарды қайтару әлі жалғасады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG