Ссылки доступа

Ташкентте үйлену тойынан кейін қонақтардың бәрі карантинге жатқызылды


Ташкент тұрғыны COVID-19 вирусы эпидемиясына қарамастан балаларына екі бірдей үйлену тойын өткізген.

Төрт күнге созылған тойдан кейін қалыңдықтың бірінен және 12 қонақтан коронавирус анықталған. Тойға барған жүздеген адамның бәрінен Covid-19 вирусына сынама алынып, карантинге жатқызылған. Бұл жөнінде Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Осының алдында Сұрхандария облысында болған үйлену тойынан кейін де қонақтардан індет анықталып, 250 адамның бәрі карантинге жіберілген еді.

Өзбекстанда 8 мамырдан бастап COVID-19 вирусының таралу қаупіне байланысты аймақтарды "қызыл", "сары" және "жасыл" деп бөлген. Тек "жасыл" аймаққа кіретін өңірлерге ғана той жасауға рұқсат берілген. Онда да 30 адамнан артық қонақ шақырмауы тиіс болған.

XS
SM
MD
LG