Ссылки доступа

Қырғызстанда бір күнде 200-ден астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды


Қырғызстанда бір тәулікте 205 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Сабиржан Абдикаримов 22 маусымда мәлімдеді.

Бішкек қаласының өзінде бір күнде 82 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бір тәулікте 26 медицина қызметкерінің вирус жұқтырғаны мәлім болды. Он науқас аурудан жазылып шыққан.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 3356 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2021 адам вирустан жазылып шықса, 40 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл бригадалар көбейгенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG