Ссылки доступа

Өзбекстанда облыс басшылары қабылдаған шешімдердің 40 пайызы заңсыз деп танылды


Былтыр Өзбекстан соттары облыс басшылары қабылдаған шешімдерге қатысты 3 мыңға жуық іс қараған. Сол шешімдердің 42 пайызы заңсыз қабылданғаны анықталған.

Бұл туралы сенат спикері Танзила Нарбаева Өзбекстан олий мажлис отырсында хабарлады.

"Әкімшіліктің түрлі құрылымдарындағы жауапты тұлғалар заңсыз шешімдер қабылдап, оларға хокимдер қол қойған. Өкінішке орай, соның зардабын халық тартып отыр", - деді Нарбаева.

Өзбекстан сенатының төрайымы шенеуніктердің заң саласындағы сауатын арттыруға үндеді.

XS
SM
MD
LG