Ссылки доступа

Тәжікстан Ауғанстаннан ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды


Тәжікстан Ауғанстаннан астық өңдейтін 12 техника сатып алды. Машиналарды Нангархар провинциясында "Жавид" компаниясы шығарған.

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі Муджиби Маликзаденің айтуынша, ауған компаниясы Тәжікстанның "Куруш 2010" компаниясына 12 техника сатқан.

"Астық тазалайтын машина 200 мың афгани (шамамен 2600 доллар) тұрады", - деді ол.

Дипломат екі ел арасында сауда айланымы артып келетінін айтты.

40 жылдан бері соғыстан көз ашпаған Ауғанстан тұрғындары отандық компанияның шетелге техника экспорттағаны туралы жаңалықты жылы қабылдаған.

XS
SM
MD
LG