Ссылки доступа

Қырғызстанда қыз алып қашуға қарсы онлайн ойын шықты


Жоба жетекшісі Мунар Бекназаровтың айтуынша, ойын "Жазғы Бішкек" деп аталады. Ойынның бас кейіпкері жігіттер алып қашып кеткен құрбысын құтқаруы керек.

Ойын өмірде болған оқиға ізімен жасалған. Интерактивті "кітап" 11 бөлімнен тұрады. Қазір соның үшеуі дайын.

Қырғызстанда 2013 жылдан бері қыз алып қашқандарға қылмыстық жаза тағайындала бастады. Қылмыстың мұндай түрін жасағандар бес жылдан жеті жылға дейін сотталады.

2017 жылы қыз алып қашуға қатысты 31 қылмыстық іс қозғалды. Сарапшылар қыз алып қашу оқиғасы бұдан әлдеқайда көп екеніне сенімді.

XS
SM
MD
LG