Ссылки доступа

Мәскеу Тәжікстаннан Ресей төлқұжаты бар азаматтарды қайтарып жатыр (видео)


Россия вывозит из Душанбе таджикистанцев с российскими паспортами
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:58 0:00

Ресей Тәжікстаннан коронавирусқа байланысты аялдап қалған азаматтарын еліне қайтарып жатыр. 22 маусымда Душанбеден жоспарланған бес рейстің біріншісі Новосибирскке және Екатеринбургке ұшты.

Ұшқандардың денінің екі – Тәжікстан және Ресей азаматтығы бар.

Дүйсенбі күні Душанбе әуежайына Ресей азаматтығы бар жүздеген тәжікстандық барды. Олардың көбі – туып-өскен жеріне қыдырып барып, бірақ карантинге байланысты жол жабылып, үш айдан бері кері қайта алмай жүргендер.

Солардың бірі – Мухаммадраджаб Хаким. Ол келіні және ұлымен тезірек Ресейге қайтуымыз керек дейді. Карантин кезінде немерелері сол жақта қалып қойған. "Үш немерем туысқан ағасының қолында қалып қойды. Қазір бармасақ, оларды балалар үйіне береміз деп жатыр", – дейді Хаким.

Ресей билігі Тәжікстанға азаматтарын қайтару үшін бес рейс жалдағанымен, бұл жеткіліксіз деп есептейді сарапшы Рахмон Ульмасов. Оның сөзінше, жүз мыңдаған тәжікстандықтың қосымша Ресей азаматтығы бар.

"Ресейдің ресми статистикасына сенсек, 400 мың тәжік ұлтының Ресей азаматтығы бар. Егер осыларды есепке алсақ, бес рейс жеткіліксіз", – дейді Ульмасов.

Келесі төрт рейс 1 шілдеге дейін ұшады. Екеуі Мәскеуге, біреуі Қазанға және біреуі Санкт-Петербургке жоспарланған.

XS
SM
MD
LG