Сот отырысынан хабарланғандай, оларды мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, адамдарды кепілдікке ұстады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген және т.б. баптар бойынша айыптады.
Құндыз Жолдубаева айыптауларды "сандырақ" деп атады.
Осының алдында Қанат Сағымбаевтың мәлімдемесі жарияланған. Ол тергеушілердің Алмазбек Атамбаевқа қарсы куәлік беріп, бізге қызмет ет деп қолқа салғанын айтқан. Бірақ ол экс-президентке сатқындық жасамайтынын мәлімдеген.
Былтыр 7-8 тамызда Кой-Таш ауылында экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы жүрген. Тараптардың қақтығысы кезінде арнайы қызметтің бір офицері қайтыс болып, 200-ге тарта адам жараланған.