Ссылки доступа

Өзбекстанда қонақ үйлерге қалтасынан ақша төлеп карантинге жатуға рұқсат берілді


Өзбекстанда республикалық арнайы комиссия елде "санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтуге" бағытталған шараларды анықтады. Бұдан бөлек комиссия шешіміне сәйкес, қонақ үйлерде өз қаржысымен карантинге жатуға рұқсат берілді.

Яғни Өзбекстанға оралған азаматтар 14 күн бойы ақы төлеп, қонақ үйлердің бірінде карантинге жата алады. Осыған сәйкес қонақ үйлердің тізімі жасалынады.

Сонымен бірге комиссия шешіміне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі. Ташкенттің барлық ауданына кіріп-шығуға болмайды. Көшелерге қайтадан блокпосттар қойылады.

Бұдан басқа карантинде үйінде жатқан азаматтар тәулік бойы бақылауға алынады.

XS
SM
MD
LG