Ссылки доступа

Өзбекстанда жүзден аса саудагер базардың жабылуына қарсы шықты (видео)


22 маусымда жүзден аса саудагер Гүлістан қаласындағы әмбебап базардың жабылуына қарсы шығып, Сырдария облысы әкімдігінің алдына жиналды.

Наразылық акциясынан соң базарға баратын жолдар ашылды. Жол бір апта бұрын жабылған еді.

Саудагерлердің айтуынша, жергілікті билік әмбебап базарды жауып, жаңа сауда орталығының жұмысын кеңейтуді көздеген. Дегенмен Гүлістан қаласының басшылығы базар коронавирус пандемиясына байланысты жабылды деп отыр.

"Базарға апаратын жолдар бір апта бойы жабық тұрды. Біздің дүкендер ашық болса да, базарда халық болмады. Сол себепті біз наразылық акциясын өткіздік", - деді саудагерлердің бірі.

Тағы бір саудагердің айтуынша, облыс әкімшілігі ғимаратының алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлері күш қолданған.

"Милиция қызметкерлері келіп, жиналған адамдардың телефондарын тартып ала бастады. Содан жанжал шықты. Милиция қызметкерлері акцияны телефонға түсірген бірнеше адамды алып кетті", - деді саудагер.

Гүлістандағы базарда мыңға жуық саудагер жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG