Ссылки доступа

Тәжікстан "Азот" кәсіпорынын халықаралық саудаға шығарады


Тәжікстан үкіметі Хатлон облысындағы "Азот" кәсіпорынының акцияларын халықаралық саудаға шығарады.

Үкімет қаулысына тәжік президенті Эмомали Рахмон қол қойды. Құжатқа сәйкес, кәсіпорын акцияларының (747 100 акция) бастапты құны 190 млн сомони (18,5 млн доллар) деп белгіленген.

Бұған қоса, Тәжікстан үкіметі "Азот" компаниясының болашақ қожайынына бірнеше талап қойып оытр. Тыңайтқыш өндіретін ірі кәсіпорынды сатып алушы үш жылдың ішінде Яван-Леваканд газ құбырын тартуы тиіс. Бұл жобаның құны - 400 млн сомони.

Бұған қоса, кәсіпорын иесі үш жылда кем дегенде 1100 адамға жұмыс орнын ашуы тиіс, сонымен бірге бір жылда кәсіпорынның 25 млн сомони қарызын жабуы керек.

Бұл зауыт 1967 жылы салынған. 2001 жылы оны украиналық олигарх Дмитрий Фирташ сатып алды. 2014 жылы тәжік билігі кәсіпорынды мемлекет меншігіне алды. 2016 жылы кәсіпорынға қытайлар кірген, бірақ олар келесім талаптарын орындамаған. 2019 жылдан бастап Тәжікстан "Азот" кәсіпорынына жаңа инвестор іздеуге кірісті.

XS
SM
MD
LG