Ссылки доступа

Вашингтонда наразы топ Ақ үй маңындағы ескерткішті құлатқысы келді


Памятник Эндрю Джесону в Лафайет-сквере
Памятник Эндрю Джесону в Лафайет-сквере

Вашингтонда дүйсенбі күні кешке Ақ үй маңында тағы да жаппай тәртіпсіздік болды. Наразы топ демократиялық партияның негізін қалаушы, АҚШ-тың жетінші президенті Эндрю Джексонға қойылған ескерткішті құлатқысы келген.

Олар ескерткішке "кісі өлтіруші", "оңбаған" деп жазған. Ескерткішті құлату үшін наразы топ оған арқан байлаған. Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, құқық қорғаушылар олардың бұл әрекетіне жол бермеген. Дегенмен монумент айланасындағы қоршау мен пушкалар бүлінген. Шеруге шыққандар Әулие Иоанн шіркеуін де бүлдірген.

Fox News телеарнасының мәліметі бойынша, түн жарымында болған қақтығыстан полицияның бірнеше қызметкері жараланған. Екі адам ұсталған.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаны "вандализм" деп атады.

XS
SM
MD
LG