Ссылки доступа

AI белсенді Ильяшевті соттаған Нұр-Сұлтанды сынады


Халықаралық Amnesty International (AI) адам құқықтарын қорғау ұйымы 22 маусымда белсенді Әлнұр Ильяшевтің қудалануына байланысты мәлімдеме жасап, қазақстандық билікті сынады.

22 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Залина Махарадзе белсенді Әлнұр Ильяшевті "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деп айыптап, бас бостандығын үш жылға шектеу туралы үкім шығарды. Белсендінің сотқа тартылуына биліктегі "Нұр Отан" партиясы туралы сыни жазбасы түрткі болған.

"Қазақстандық билік коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайды өз мақсатына пайдаланудан арланбай, белсенділерді қудалады. Әлнұр Ильяшев ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Ол өз пікірін ғана білдірді, бірақ билік пен оның "сарапшылары" Әлнұрды қатаң жазалады", - деп мәдімдеді Amnesty International ұйымының Орталық Азия жөніндегі зерттеушісі Хеза Макгилл.

Үш айдан бері қамауда отырған алматылық белсенді Әлнұр Ильяшевті "төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату" айыпталған еді. Коронавирус кезіндегі карантинге байланысты онлайн режимде өтіп жатқан процесс кезінде белсенді мен адвокаттары "видеобайланыстың сапасы нашар екенін", судьяның, прокурордың, бір-бірінің дауысын естімейтінін айтып шағымданды. Ал Ильяшевтың өзі соттың залда ашық өтуін талап етіп, қажет болса карантин аяқталғанға дейін изоляторда отыруға дайын екенін мәлімдеген.

Әлнұр Ильяшев әлеуметтік мәселелер, адам құқығы мен бейбіт жиын еркіндігі тақырыбында өткен қоғамдық шараларға қатысуымен және қалалық әкімдікке қарсы берген арызымен танымал. Ол қала билігіне бейбіт митинг өткізуге 35 рет өтініш беріп, 35 рет рұқсат ала алмаған. Осыдан кейін ол митингіге рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа шағымданып, жеңіліп қалған. Кейінірек оған митинг өткізуге рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG