Ссылки доступа

Үндістан мен Пәкістан елшіліктерінің штатын қысқартуды шешті


Үндістан үкіметі Пәкістанның Делидегі елшілігінде істейтін қызметкерлердің жартысын елінен шығаруға шешім шығарды. Дипломаттар тыңшылықпен айналысып, "террорлық ұйымдармен" байланыста болған деген күдікке ілінген.

Пәкістанның сыртқы істер министрлігі де Исламабадтағы елшілік штатын қысқартатынын мәлімдеді. Бүл шешім жеті күн ішінде жүзеге асуы тиіс деп атап өтті.

Пәкістан билігі Үндістан тараптың аргументтерін теріске шығарып, Делидегі пәкістандық дипломаттар халықаралық талаптарға сәйкес жұмыс істеп келгенін мәлімдеді. Исламабадтағы Үндістанның елшісі Пәкістан сыртқы істер министрлігіне шақырылып, жауап ретінде Үндістан елшілігіндегі штатты да қысқартатынын айтқан.

Reuters агенттігі екі ядролық держава арасындағы байланыс шиеленісіп тұрғанын, дипломатиялық демарштар күнделікті жағдай болып қалғанын жазды. Соңғы апталарда екі ел билігі дипломаттарының заңсыз қамалып жатқанын мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG