Ссылки доступа

Қырғыздың Баткен облысындағы шахтада төрт адам газдан уланды


23 маусымда Баткен облысының Сүлікті қаласындағы "Кенчилер-Береке" шахтасында төрт кенші газдан уланып қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, шахтада үш ер азамат және бір әйел қаза тапқан. Құтқарушылар мәйіттерді шахтадан алып шықты.

2019 жылы қазанда Кызыл-Кии және Сүлікті қалаларына жақын орналасқан шахтада алты адам қаза тапқан еді. 2019 жылы желтоқсанда Сүлікті қаласындағы шахтада төрт адам газдан уланып қаза тапты.

XS
SM
MD
LG