Ссылки доступа

Тәжікстанда май құю бекеті жарылып, сегіз адам зардап шекті


Тәжікстанның оңтүстігіндегі Яван ауданында 23 маусымда май құю бекеті жарылды. Хатлон облысы милициясының хабарлауынша, өрт Хаёти нав ауылының аумағында болған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, өрт "қауіпсіздік ережелерін сақтамау" салдарынан шыққан. "Бензовоздағы жанармайды бекеттегі құтыларға құю кезінде өрт шықты. Соның салдарынан 10 тонна газ сақталған құты жарылды" делінген министрлік таратқан мәліметте.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, 60 шаршы метрге тараған өртті өшірген. "Өрт салдарынан төрт адам және өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері жеңіл жарақаттанды" деп хабарланды.

В Яване произошел взрыв на автозаправочной станции
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:07 0:00

XS
SM
MD
LG