Ссылки доступа

Өзбекстанда Сардобаға ақша аудармаған шаруалардың жерін тартып алады


Uzbekistan, combine

Өзбекстанның Әндіжан облысы Бустон ауданының шаруаларынан Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасында болған апат салдарын жоюға ақша талап етіп жатыр.

Бустон ауданындағы шаруалардың бірінің "Озодлик" редакциясына хабарлауынша, аудан әкімшілігі шаруалардан ақша талап еткен.

– Әрбір шаруа 2 миллион сум (200 доллар) өткізуі тиіс. Ақша өткізбегендердің жерін тартып алады. Жақында ғана шаруалар "Жақсылық пен көмек" қорына 1-2 миллион сумнан жинап берген, – дейді шаруа.

Шаруалар әкімшілік сұратқан ақшаны бір аптаның ішінде өткізуі керек.

– Олар маған 2 миллион сумды әкімшілікке алып кел дейді. Біздің ауданда шаруалар әкімшілік өкілдерінен қашады, өйткені тағы да ақша сұрай ма деп қорқады, - дейді тағы бір шаруа.

Аудандық әкімшіліктегілер шаруалардан ақша жиналып жатқанын жасырмады.

– Шындығын айтсақ, ақшасы бар шаруалар қайырдылыққа шығын шығарғысы келмейді. Сол себепті оларды осылай қорқытып тұруға тура келеді. Бұны қорқыту деп айтуға да болмайды. Шаруалардың жерін тартып алу оңай шаруа деп ойлайсыз ба? - Бустон ауданы әкімдігінің өкілі.

XS
SM
MD
LG