Ссылки доступа

Путин пандемия кезінде Мәскеуде Жеңіс шеруін өткізіп жатыр


24 маусымда Ресей астанасында Жеңіс шеруі өтеді. Президент Владимир Путин сол арқылы тұрғындардың сеніміне кіруді көздейді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы фашистік Германияның жеңілуіне арналған әскери шеру әдетте 9 мамырда өтетін. Биыл Путин шеруді коронавирус пандемиясына байланысты 24 маусымға қалдырған. Бір аптадан соң тұрғындар референдумда Путиннің билік басында 2036 жылға дейін қалу-қалмау мәселесін шешетін заң жобасын дауысқа салады.

Конституциялық заң жобасына қатысты референдум биыл 22 сәуірде өтуі тиіс болған, бірақ пандемияға байланысты кейінге қалған.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин тұрғындардан үйден шықпауын, шеруді телевизордан көруін сұрады.

Жеңіс шеруіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

Тоқаев - әскери парадқа шақыруды қабылдаған санаулы мемлекет басшыларының бірі. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, шараға жеті ел басшысы қатысады. Тоқаевтан бөлек, Беларусь, Молдова, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары парадқа қатысуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Армения, Әзербайжан, Чехия басшылары елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашар екенін айтып, парадқа қатыса алмайтынын хабарлаған. Хорватия тарабы президенттің ұшағы бұзылып қалғандықтан мемлекет басшысының келе алмайтынын айтты. Түркіменстан президенті туған күніне байланысты бара алмайтынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG