Ссылки доступа

Қазақстанда коронавирусқа тест жетіспеушілігінен адамдар дер кезінде емделе алмай жатыр (видео)


В Казахстане из-за дефицита тестов на коронавирус люди не могут получить лечение
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Қазақстанда коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болды деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі. Жалпы індеттен қайтыс болғандардың саны - 134. Қазір вирус белгілері бар адамар ауруханада емделу үшін өз бетінше тест тапсыруға тырысып жатыр.

Күнделікті Алматының жеке зертханаларында халық таңертеңнан ұзын-сонар кезекте тұрады. Олардың дені дәрігердің нұсқауынсыз, өз бетінше коронавирусқа тест тапсырып жатқандар.

"Қызуым көтерілгеніне екі апта болды. Бізді не дәрігер не жедел жәрдем қабылдамай жатыр. Бәрі алдымен ПЦР-тест тапсырыңдар, сосын барып емделуге жолдама береміз деп жатыр", – дейді кезекте тұрғандардың бірі.

Елде байбалам өткен аптада басталып кеткен. Көптеген зертханаларда реагенттер таусылған. Денсаулық сақтау министрлігі 24 маусымнан бастап тест тапсыру орындары қайта жұмыс істей бастайды деп уәде беріп жатыр.

Алматыда тек бір зертхананың бөлімшелері ғана жұмыс істейді. Ал COVID-19 вирусына сынаманы тек бір ғана мекен-жайда қабылдайды. Адамдар таңғы жетіден келіп, өздері кезекке тұрады. Қазірдің өзінде шамамен 150 адам кезекте тұр.

Дәріханалар алдында да ұзын-сонар кезек.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі дәрігер жолдамасынсыз коронавирусқа тест тапсырудың қажеті жоқ деп айтып келеді.

XS
SM
MD
LG