Ссылки доступа

"Группа-24" қозғалысы Тәжікстан президентінің Мәскеуге сапарына қарсы пикет өткізді


Ресейдегі "Группа-24" оппозициялық тобының белсенділері 24 маусымда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысуына қарсы пикет өткізді.

Белсенді Нуриддин Ризои пикет өткізу үшін Мәскеу билігінен рұқсат алғанын айтады. Бірақ соған қарамастан полиция қызметкерлері оларды ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Пикетке он адам қатысқан.

Осының алдында Прага мен Парижде Эмомали Рахмон режиміне қарсы наразылық шаралары өткен. Олар тәжік президентін елде сөз бостандығын шектеп, қарсы пікір айтатындарды қудалап келеді деп айыптайды.

"Группа-24" тобын Мәскеуде 2012 жылы тәжік оппозиционері әрі кәсіпкері Умарали Кувватов құрған. 2015 жылдың қаңтар айында оны Стамбұлда өлтіріп кеткен. 2014 жылы Тәжікстан соты бұл ұйымды "экстремистік" деп таныды.

XS
SM
MD
LG