Ссылки доступа

Өзбекстан базарында пышақтан жараланған әйел жедел жәрдем келгенше қаза болды (видео)


Әлеуметтік желілерде Наманганның "Сардоба" базарында қанға бөгіп жатқан әйелдің видеосы тарады. Жанында бір әйел "жедел жәрдем келмеді" деп жылап отыр.

Куәгерлердің айтуынша, қанды оқиға 18 маусымда болған. Базарда дүңгіршекте газет сататын әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен.

Жедел жәрдем көрсету орталығы дәрігерлерді дер кезінде жібергенін, бірақ әйел көп қан жоғалтып қайтыс болғанын айтады.

Наманган ішкі істер басқармасы күдікті ретінде 41 жастағы ер адамның ұсталғанын, оған қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Оның күйеуі келіп ақша сұрады. Ол бермеді. Ашуланған ер адам әйелді пышақпен ұрып, қашып кетті. Әйел бір сағат бойы қансырап жатты. Жедел жәрдем келгенде, ол қайтыс болып кетті", - дейді куәгердің бірі.

Өзбекстан парламенті сенатының төрайымы Танзила Норбаева соңғы екі жылда елде жедел жәрдем қызметінің дер кезінде келмеуінен 48 мың адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG