Ссылки доступа

Тәжікстан парламенті пандемия кезінде бизнес өкілдеріне жеңілдік беруді мақұлдады


Тәжікстанның төменгі палатасы үкіметтің COVID-19 вирусы пандемиясы кезінде шағын және орта кәсіп өкілдеріне жеңілдік беру ұсынысын мақұлдады.

Тәжікстанның қаржы министрі Файзиддин Каххорзоданың мәлімдеуінше, 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қыркүйегіне дейін туризм, қонақ үй, қоғамдық тамақтану, спорт орталықтары, демалыс орындары және халықаралық жолаушы тасымалдау қызметін салықтан босатуды қарастырып жатыр.

Бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін Файзиддин Каххорзода халықаралық қаржы институттарынан көмек сұрап жатқанын мәлімдеді.

Атап айтқанда Халықаралық валюта қоры Тәжікстанға 189,5 млн доллар бөлуді мақұлдаған. Бұдан бөлек Азия даму банкі, Бүкілдүниежүзілік банк және Еуразиялық даму банкімен келіссөздер жүріп жатыр деді қаржы министрі.

Ресми мәлімет бойынша, пандемия кезінде Ресейдегі мигранттардың Тәжікстанға аударатын қаржысы 50 процентке, яғни 80 млн долларға азайған.

XS
SM
MD
LG