Ссылки доступа

Қырғызстан өзбек шекарашыларының әрекетіне наразылық білдірді


Қырғызстанның Баткен облысы Кадамжай ауданына қарасты Чечме ауылында 24 маусымда Қырғызстан мен Өзбекстан шекарашыларының өкілдері кездесті. Бұл туралы Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, өзбек шекарашылардың Сох ауданына қарасты Чашма ауылында топографиялық жұмыстар жүргізуі осы кездесудің өтуіне себеп болды.

Қырғыздар өзбек шекарашыларының бұл әрекетіне наразы болып, шекараның бұл аймағындағы әрбір әрекет келісіммен жасалуы керектігін ескертті.

"Өзбек тарапы Қырғызстан шекарашыларының уәжімен келісті. Кездесу нәтижесінде қырғыз-өзбек шекарасында атқарылатын әрекеттер туралы алдын ала хабарлау туралы шешім қабылданды" делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, Қырғызстанның Баткен облысы мен Өзбекстан Сох анклавының шекарасында 31 мамырда қырғыздың Чечме ауылы мен өзбектің Чашма ауылының тұрғындары жанжалдасып қалды. Олар суға таласқан.

Ресми мәлімет бойынша, тұрғындардың қақтығысынан 200-ден астам адам жараланды.

XS
SM
MD
LG