Ссылки доступа

Тәжік социал-демократтарының жетекшісі: біздің партияның мүшелерін қудалап жатыр


Рахматилло Зойиров
Рахматилло Зойиров

Тәэікстан социал-демократтарының жетекшісі партия мүшелері қудалауға ұшырағанын мәлімдеді.

Партия басшысы Рахматилло Зойиров 23 маусымда әлеуметтік желілерде мәлімдеме таратып, жергілікті биліктер социал-демократтарды қудалап жатқанын айтты. Ресми мекемелер мұндай айыптауға жауап берген жоқ.

Өткен аптада партия басшысының орынбасары Махмурод Одинаев Гиссар қаласының күш құрылымдары Германияның Душанбедегі елшілігінің өкілдерімен кездесуге кедергі жасағанын мәлімдеген. Кездесуде азаптау және басқа да мәселелер талқылануы керек еді.

Социал-демократтар мұндай қысым қараша айында өтетін президент сайлауы қарсаңында күшейді деп есептейді.

Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері төрт рет президент сайлауында жеңіске жетті.

Социал-демократиялық партия 1998 жылы тіркелді, сол кезде Зойиров президент Эмомали Рахмонның заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі болған.

XS
SM
MD
LG