Ссылки доступа

Жогорку Кенеш ғимараты алдында сөз бостандығын қорғаушылар пикет өткізіп жүр


Қырғызстан парламентінің ғимараты алдында сөз бостандығын қорғаушылар пикет өткізіп жүр. Олар "Ақпаратпен манипуляциялау туралы" заң жобасының қабылдануына қарсы.

Акция әлеуметтік желілерде басталды, одан соң адам құқықтарын қорғаушылар, белсенділер мен азаматтар пикетке шықты. Парламент ғимараты алдына елуден астам адам жиналды.

Олардың айтуынша, мұндай заң қабылданса, әлеуметтік желі қолданушыларын эксремизм бабымен қудалауы мүмкін. Пикетке шыққандар "Мен фейк емеспін!", "Сөз бостандығы үшін!" деп жазылған плакаттар ұстап тұрды. Милиция қызметкерлері сырттай бақылап тұр.

"Ақпаратпен манипуляциялау туралы" заң жобасын дайындаған Гүлшат Асылбаева мен Айнұр Осмонова құжатта интернет қолданушылар мен сайт қожайындарының құқықтары мен міндеттерін көрсеткен.

Кейбір депутат заң жобасына қарсы шықты. Депутат Наталья Никитенко Қырғызстан азаматтары сөз бостандығын мақтан тұтатынын айтты.

"Сөз бостандығын шектеуге тырысқан биліктер опық жеді. Тарихтан сабақ алуымыз керек", - деп мәлімдеді Никитенко.

17 маусымда заң жобасы парламентте бірінші оқылымда қабылданды. 22 маусымда парламент комитеті құжатты бірден екі оқылымда қабылдап жіберді.

"Институт Медиа Полиси" қоғамдық қоры бұл заң жобасы Қырғызстан Конституциясына қайшы деп есептейді.

XS
SM
MD
LG