Ссылки доступа

Грузияның экс-президенті Саакашвили түркіменбашының министрлерін қалай мазақ еткену туралы айтты


Бывший президент Туркменистан с тогдашним министром здравоохранения Гурбангулы Бердымухамедовым
Бывший президент Туркменистан с тогдашним министром здравоохранения Гурбангулы Бердымухамедовым

Михаил Саакашвили түркіменбашы Сапармұрад Ниязовтың ТМД саммитінде министрлерін қалай мазақ еткені туралы баяндады.

Қазір Украина ұлттық рекормалар кеңесі комитетінің басшысы қызметін атқарып жүрген Саакашвили ютубтегі "В гостях у Дмитрия Гордона" бағдарламасына қатысты.

Саакашвили Түркіменстанның бұрынғы президенті Ниязовтың ТМД саммитінде министрлерін тізерлетіп қойып, оларға ит секілді кәмпит бергені туралы баяндады.

"Денсаулық сақтау министрін ғана тізерлетіп отырғызбады, өйткені ол оның тісін емдейтін. Қазір ол жаңа түркіменбашы атанды", - деген Саакашвили Түркіменстанның қазіргі президенті Гурбангұлы Бердымұхамедовті де сөзге қосты.

Михаил Саакашвилидің бұл сұхбаты ютубте 24 маусымда жарияланды.

XS
SM
MD
LG