Ссылки доступа

Ташкентте полиция маскаларды тегін тарата бастады


Өзбекстан астанасында ішкі істер органдарының қызметкерлері 25 маусымнан бастап әр бейсенбіде маскаларды тегін таратады. Бұл туралы Ташкенттің ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, әр бейсенбі профилактика күні ретінде жарияланды. Бұл күні бетперде тақпағандарға айыппұл салынбайды, бірақ полиция қызметкерлері оларға тегін маска таратады.

25 маусымда елге 30 мың медициналық маска таратылғаны хабарланды.

ІІБ елді карантин ережелерін сақтауға, вирусты бірге жеңуге үндеді.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанда 6901 адамнан коронавирус анықталған, олардың 20-сы қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG