Ссылки доступа

Ресей Тәжікстанға 8 чартерлік рейс ұшыруға рұқсат берді


Тәжікстан 25 маусымда Ресейдегі мигранттарды алып қайту үшін сегіз чартерлік рейс ұшырады. Шенеуніктер орыс билігі рейстерді ұшыруға рұқсат бергенімен, билет құнын ресми жарияламады.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігінің өкілі ұшақтарға бірінші кезекте науқас адамдарды, балалы әйелдерді, студенттерді, қарияларды және Ресейге іс сапармен барып, қайта алмай қалған азаматтарды отырғызатынын айтты.

Ақпаратқа қарағанда, тізімге кірген азаматтармен елшілік телефон арқылы байланысып, ұшу күні мен уақытын хабарлайды. Билеттер ұшуға бірнеше сағат қалғанда ғана әуежай кассаларында сатылады.

Қазір Тәжікстан мен Ресей арасында тұрақты әуе байланысы қашан іске қосылатыны белгісіз. Тәжік шенеуніктері бұл мәселе шілде айының басында қаралады деп отыр.

Тәжікстан наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық әуе рейстерін тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG