Ссылки доступа

Қырғыз парламенті "Ақпаратты манипуляциялау жөніндегі" заң жобасын қабылдады


Қырғызстанның Жогорку Кеңеші 25 маусымдағы сессиясында "Ақпаратты манипуляциялау жөніндегі" таласты заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қарап, қабылдады. Заң жобасын 79 депутат қолдап, 10 депутат қарсы дауыс берген. Құжат президентке қол қоюға жіберілді.

Заң жобасында интернет қолданушылардан бастап сайт иелерінің, интернет-провайдерлерінің құқық-міндеттері жазылған. Заң бұзылған жағдайда құқық қорғау органдары сот шешіміне дейін сайттарды бұғаттай алады.

25 маусымда заң жобасының қабылдануына қарсы болған белсенділер парламент ғимараты алдында митинг өткізді.

"Медиа Полиси Институту" ұйымы "Ақпаратты манипуляциялау жөніндегі" заң жобасы Қырғызстан Конституциясына қайшы келеді деп мәлімдеді.

"Factcheck.kg" порталы сөз болып жатқан құжаттың басым бөлігі Ресейдің заңдарынан көшірілгенін анықтаған. Заң жобасын әзірлеушілер болса мұны теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG