Ссылки доступа

АҚШ: Ресей адам саудасына қарсы жеткілікті күресіп жатқан жоқ


Ресей билігі адам саудасына қарсы жеткілікті деңгейде күресіп жатқан жоқ, билік тармақтарының әрекеттері талаптарға жауап бермейді. Мұндай пікір әлемдегі адам саудасы мәселесі жөніндегі баяндамада айтылған.

Құжатпен бейсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео таныстырды.

Ресей адам саудасы мәселесі күрделі болып тұрған 20 елмен бірге үшінші топқа кіргізілген. Бұл топта Ауғанстан, Иран, Түркіменстан және Беларусь бар. Баяндамада мәжбүрлеп жұмыс істету мәселесі көтерілген. Әсіресе Ресейдегі қытай жұмысшылары жапа шегіп келе жатқаны айтылған. АҚШ билігі Ресейде өз ықтиярынсыз Қытайдың мыңдаған азаматы жұмыс істеп жүр деп санайды.

Помпеоның айтуынша, қазіргі таңда әлемде 25 миллион адам, оның ішінде балалар да бар адам саудасы мен сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып келеді.

Помпео АҚШ президенті Дональд Трамп 2019 жылы адам құқығы өрескел бұзылатын 15 елге көмек беруге шектеу қойылғанын еске салды.

XS
SM
MD
LG