Ссылки доступа

Тәжікстан қызметте жасалған қылмыстарға жазаны күшейтті


Таможенник Шахбоз Раджабзода во время "минидопроса" президента Рахмона на встрече с сотрудниками финансовой, банковской, таможенной и налоговой служб, 10 мая 2029 года
Таможенник Шахбоз Раджабзода во время "минидопроса" президента Рахмона на встрече с сотрудниками финансовой, банковской, таможенной и налоговой служб, 10 мая 2029 года

Тәжікстанның төменгі палатасы қызметте жасалған қылмыстарға жазаны күшейтті. Енді қызмет бабын асыра пайдаланған, міндетті салық пен төлемді азайтып көрсеткен мемлекеттік қызметкер ірі көлемде айыппұл төлейді.

Бір жыл бұрын президент Эмомали Рахмон қаржы, банк, кеден және салық қызметтерінің қызметкерлерімен кездесуде олардың жұмысын сынаған. Сол жиналыста Рахмон кеден басшысы Шахбоз Раджабзоданы сұрақтың астына алған. Раджабзода президентке екі мәрте өтірік айтып, мемлекет басшысын одан сайын ашуландырған.

Жаңа заңға сәйкес, кеден және салық төлемдерін өзгертіп көрсеткендер 5800-11600 сомони ($580-$1160) аралығында айыппұл төлейді. Әріптестерінің қылмысын жасырған шенеуніктер де жазаланады.

Халықаралық экономикалық форумның жыл басында жариялаған рейтингінде Тәжікстан жемқорлық жайлаған жиырма елдің қатарында тұр.

XS
SM
MD
LG