Ссылки доступа

ДДСҰ миссиясы Түркіменстанға баруға рұқсат алды


Логотип Всемирной организации здравоохранения

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының миссиясы Түркіменстанға баруға рұқсат алды. Бұл туралы Азатлык радиосына ДДСҰ-ның еуропалық бюросы хабарлады.

"Біз ДДСҰ тобын Түркіменстанға шілденің басында жіберуді көздеп отырмыз", деп хабарлады ұйым.

ДДСҰ-ның коронавирус эпидемиясына байланысты жағдайды тексеріп жүрген миссиясы Түркіменстанға сәуірдің соңында баруы керек болған. Алайда ұйымның сарапшылар тобын бұл елге жіберуге қатысты келіссөздер бір жарым айға созылып кетті.

19 маусымда Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі ДДСҰ миссиясы елге шілденің басында келетінін мәлімдеді.

Түркіменстан билігі елде COVID-19 вирусымен ешкім ауырмады деп отыр. Мемлекеттік ақпарат құралдары коронавирус және әлемдегі пандемия тақырыбын қозғамайды.

XS
SM
MD
LG