Ссылки доступа

Өзбекстан: шетелдегі абитуриенттер сынақтан үш апта бұрын елде болуы тиіс


Жоғары оқу орындарына түсуге сынақ тапсыру үшін онлайнмен шетелден тіркелген абитуриенттер емтиханнан үш апта бұрын Өзбекстанда болуы тиіс.

Бұл туралы 25 маусымда Өзбекстан мемлекеттік сынақ орталығы басқармасының басшысы Барно Раджабов хабарлады.

Емтиханға сынақ басталардан үш апта бұрын елге келген абитуриенттер ғана жіберіледі. Шетелдегілер елге келген соң коронавирус пандемиясына байланысты карантин талаптарын орындауы тиіс.

Раджабовтың айтуынша, абитуриенттердің ата-аналарына емтихан өтетін жерде арнайы орын болмайды. Ата-аналар сынақ тапсыру барысын test2020.uz сайтынан онлайн көре алады.

XS
SM
MD
LG