Ссылки доступа

Өзбекстанда дене қызуы жоғары түлектер емтиханға жіберілмей жатыр


Өзбекстанда дене қызуы 37 градустан жоғары болған түлектер жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына кіргізілмейді. Бұл жөнінде президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және қоғаммен байланыс агенттігі мәлімдеді.

Дене қызуы жоғары түлектер санитарлық-эпидемиологиялық агенттік, денсаулық сақтау министрлігі және мемлекеттік тестілеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен медициналық тексеруден өтеді.

Тексеру қорытындысы бойынша коронавирус анықталмаған түлектер емтиханға жіберіледі. Егер вирус анықталса, жоғары оқу орнына түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыра алмайды.

Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 7813 адамға жетіп, 21 науқас қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG