Ссылки доступа

Тәжікстанда халықтың көтерілуінен кейін табиғат апатынан зардап шеккен аймақта құрылыс жүре бастады


Хаттон облысы Чорбог ауылында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап 60 үй салынып жатыр.

Жергілікті билік күн суытқанша, шатырда жатқан адамдарды жаңа үйге көшіруді жоспарлап отыр.

Жергілікті тұрғындар наразылық танытып, көтерілмегенде, билік әрекетсіз отыра беруші еді дейді. Олар су тасқыны болатынын билікке наурыз айынан бері ескертіп келе жатқанын, бірақ ауыл билігі қауіптің алдын алмағанын айтады.

Мамыр айында қатты сел жүріп, Чорбог ауылын су басып қалған. Селден зардап шеккен халық үлкен тас жолды жауып, биліктен көмек сұраған. Аталған аумаққа келген шығынның көлемі 680 мың доллардың көлемінде екені айтылады.

Қазір 56 жаңа үй салынып, 26 үйге жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Еуропалық одақ зардап шеккен аймаққа 80 мың еуро бөлді. Қызыл Жарты ай қоғамы 260 үйді қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Жалпы тау етегінде орналасқан Хатлон облысы табиғат апаты жиі орын алуы мүмкін қауіпті аймаққа жатады.

XS
SM
MD
LG