Ссылки доступа

Bloomberg: британ прокурорлары Гүлнара Каримова отырған түрмені тексеруі мүмкін


Ұлыбритания прокурорлары Гүлнара Каримова отырған түрмені тексеруге келуі мүмкін. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың үлкен қызының Ұлыбританиядағы шамамен 29 млн доллар тұратын мүлкіне қатысты істі жабу үшін британ прокурорлары Каримовамен кездесуі керек.

Бұл туралы Bloomberg басылымы 26 маусымда хабарлады. Сол күні Лондон соты Каримованың Ұлыбританиядағы 23 миллион фунт стерлинг (шамамен 29 миллион доллар) тұратын мүлкіне қойылған бұғат мерзімін созды.

Bloomberg басылымының хабарлауынша, британ прокурорлары Ташкентке коронавирус пандемиясына байланысты келе алмады, енді олар Өзбекстан бас прокуратурасының көмегіне жүгініп көрмек.

Каримованың Ұлыбританиядағы мүлкінің тізімін The Times басылымы жариялады. Тізімде Суррей графтығындағы зәулім сарай, Лондонның қымбат ауданындағы екі пәтер бар.

Гүлнара Каримова Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы әйелдер колониясында отыр.

XS
SM
MD
LG