Ссылки доступа

Тәжікстанда жасөспірімдер арасында суицид көбейді


Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлон облысында жасөспірімдер арасында суицид көбейді. Жарты жылда аймақта 11 суицид тіркелді.

Хатлон облысы билігінің мәліметі бойынша, өз-өзіне қол жұмсағандардың дені - 15-17 жастағы қыздар.

"Жасөспірімдердің кейбірі ата-анамен келіспей, осындай әрекетке барған жағдайлар болды. Бірақ балалар себепсіз өз-өзіне қол жұмсап жатады. Ата-аналар бұл балалардың депрессияға түскенін айтқан", - дейді облыстық білім бөлімінің қызметкері Сафар Давлат.

Тәжікстан бас прокуратурасының мәліметі бойынша, 2019 жылы елде 632 суицид оқиғасы тіркелген.

XS
SM
MD
LG