Олар: "Кворумсыз заң жоқ!", "Гүлшат, мандатты тапсыр!», "Сөз еркіндігі!", "Біз құл емеспіз!" деп ұрандатты.
Бұның алдында журналистер, медиаұйымдар мен қоғам белсенділері президент Сооронбай Жээнбековтен бұл құжатқа қол қоймауын сұраған.
"Ақпаратпен манипуляциялау туралы" заң жобасын депутаттар Гүлшат Асылбаева мен Айнұр Осмонова дайындаған. Өткен аптада Жогорку Кенеш құжатты қабылдады.
Заң жобасында интернет қолданушылардың, сайт қожайындарының және провайдерлердің құқықтары мен міндеттері айтылған. Азаматтық қоғам өкілдері бұл заң сөз бостандығын шектейді деп есептейді.